Елімізде азаматтардың жеке еркіндігін қорғау мақсатында алғаш рет сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді, деп жазады Egemen.kz.
Сталкинг – азаматтың келісімінсіз оны аңду немесе байланыс орнатуға ұмтылу әрекеттері, яғни күш қолданбайтын, бірақ адамның еркіне қарсы бағытталған, жеке өмірге елеулі зиян келтіретін қудалау түрі.
Жаңа заңға сәйкес мұндай әрекет үшін:
200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл,
200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар,
немесе 50 тәулікке дейінгі қамау жазасы қарастырылған.
Бас прокуратура атап өткендей, егер сталкинг күш қолданумен, қорқытумен, бопсалаумен немесе жеке өмірге қол сұғумен қатар жүрсе, ол қосымша Қылмыстық кодекстің өзге баптарымен қоса қарастырылады.
«Қылмыстық қудалау тек нақты зиян келген жағдайда басталады. Мәселен, жеке өмірге қол сұғу, жүріп-тұру еркіндігінің шектелуі немесе психологиялық қысым жасалса, бұл бап қолданылады. Жауапкершілік енгізудің негізгі мақсаты – құрбандарды ерте кезеңде қорғау және қоғамда агрессивті мінез-құлыққа мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастыру», делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар надзорлық орган сталкинг ұғымына құқық қорғау органдарының заң шеңберінде жүргізетін әрекеттері кірмейтінін түсіндірді.
Генеральды прокуратура азаматтарды сталкинг белгілері байқалған жағдайда бейжай қалмай, дереу ішкі істер органдарына жүгінуге шақырды.