• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 10:35

9 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті

30 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ЖЭО-лардың тозуын төмендету мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, елде ауқымды жөндеу науқаны жүргізіліп жатыр. Биыл 10 энергия блогына, 63 қазандыққа және 39 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

«Бұл жұмыс қазірдің өзінде нәтиже берді. Ел бойынша ЖЭО-лардың орташа тозуы 61 пайызға дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО қауіпті қызыл аймақтан сары аймаққа, ал 3 ЖЭО сары аймақтан жасыл аймаққа өтті», деді Е. Ақкенженов.

Жүргізіліп жатқан шаралар қазірдің өзінде нақты нәтиже беріп жатыр: құрал-жабдықты жаңғырту мен жаңарту нәтижесінде еліміздегі ЖЭО-лардың орташа тозуы 64%-дан 61%-ға дейін төмендеді. 

Үкімет жыл сайын тозуды азайту және нысандарды қауіпті аймақтардан қауіпсіз пайдалану аймағына көшіру мақсатында ЖЭО жаңғырту бағдарламасы жүйелі түрде жалғасатынын айтты.