Әдетте мемлекеттердің туы бір бекітілген соң, өзгермейді. Ал Филиппиннің байрағы өзгеше дәстүрімен ерекшеленеді. Бұл тудың бір емес, екі ресми нұсқасы бар.
Туда негізінен ақ үшбұрыш, оның ішінде күн мен жұлдыздар бейнеленген. Ал қалған бөлігі көк және қызыл жолақтан тұрады. Бейбіт күндері көк түс үстіне қойылады. Ал ел соғыс жағдайында болса, жолақтар орын ауыстырады. Яғни қызыл түс жоғары көтеріліп, көк түс төмен түседі. Осылайша, Филиппин туы тек мемлекеттік рәміз ғана емес, халыққа бейбітшілік пен соғыс жағдайынан хабар беретін ерекше белгіге айналған.