• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 13:18

Қазақстан-Қырғызстан тауар айналымын ұлғайтады

20 рет
көрсетілді

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан  мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесі жетінші отырысының шешімдеріне қол қойды.

Ресми делегация мүшелері екіжақты тауар айналымын 2030 жылға қарай 3 миллиард долларға дейін ұлғайту бойынша Жол картасы және басқа да үкіметаралық, ведомствоаралық құжаттармен алмасты.