• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 15:05

Қырғыз-қазақ достығының құрметіне ескерткіш ашылады

30 рет
көрсетілді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапары барысында мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарға ерекше назар аударылғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Соңғы жылдары рухани байланысты жандандыру үшін көптеген іс-шара атқарылды. Былтыр Астанада құрметті Президентпен бірге Айкөл Манастың ескерткішін аштық. Бүгін Бішкекте бауырластығымыздың тағы бір нышаны – «Достықтың алтын көпірі» ескерткішін ашамыз. Мен мұны қырғыз елінің қазақ халқына деген айрықша құрметі деп білемін. Құрметті Президентке және барша қырғыз халқына алғыс айтамын», деді Мемлекет басшысы.

Президент Тоқаевтың сөзінше, былтырғы Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапары аясында екі ел жастарын жақындастыратын бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілген. Соның нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ош қаласындағы филиалы ашылып жатыр. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі қырғыз студенттеріне 50 грант бөлген.

«Келесі жылдан бастап грант санын 60-қа дейін көбейтеміз деп шештік»,  деді ол.

Сапар аясында Бішкекте Қазақстанның кино күндері мен Үшінші жастар форумы өтіп жатыр.

Кездесу барысында туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

«Келесі жылы Қырғыз елінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Дүбірлі доданың табысты өтуіне тілектеспіз, біздің жақтан қолдау көрсетуге дайынбыз»,  деді Президент.