• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 15:31

Елде коронавирус жұқтыру екі есе азайған

20 рет
көрсетілді

Комитет іштегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басталғалы COVID-19-дың 859 жағдайы тіркелген. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 2 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелмеген. Ауру жеңіл түрде өтіп, пациенттер негізінен амбулаториялық жағдайда ем қабылдаған.

Елімізде вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше SARS-CoV-2 нұсқаларының айналымына соңғы мониторинг деректері бойынша республикада Омикрон қосалқы нұсқаларының айналымы белгіленді: XFG.3 – 83,3%, XFG.3.3.1 – 5,6%, XFG.3.4.3 – 5,6%, XFG.2 – 5,6%.

ДДҰ-ның ресми жарияланымдарына сәйкес, XFG желісінің айналымы өзге айналымдағы Омикрон ұрпақтарымен салыстырғанда халықтың денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді.