«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарағанды облысының тұрғыны есірткі тасымалдау кезінде қолға түскен, деп жазады Egemen.kz.
35 жастағы азамат 5 грамм гашишті өткізбек болған. Жедел түрде оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, пәтерінен бір келіден астам гашиш табылып, тәркіленген.
Сонымен қатар, айғақ ретінде электронды таразылар, арнайы қаптамалар және өзге де құрал-жабдықтар алынған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті қамалған. Тәркіленген есірткі мен айғақ заттар сараптамаға жіберілген.