• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жұмыс Бүгін, 08:55

Еңбекке баулитын бастама

20 рет
көрсетілді

Елордада «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шараға 3 мыңға жуық жас қатысты. Басым бөлігі – мектеп, колледж және жоғары оқу орын түлектері.

Е.Рахмадиев атындағы мем­лекеттік академиялық филармонияда жастар ұлттық компания­лардан бастап, өнеркәсіптік кәсіп­орындарға дейінгі 70-тен аса ком­паниялардың өкілдерімен бетпе-бет сөйлесті. Осылайша жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы біліп, алғашқы сұхбаттан өтті.

– Мен колледжді «электромонтер» мамандығы бойынша тә­мамдап, ұзақ уақыт лайықты жұ­­мыс іздедім. Осы жәрмеңкеде бір­­неше компания өкілімен сөй­ле­сіп, сұхбатқа шақыру алдым. Мұн­да жұмыс беруші сізді таң­да­май­ды, керісінше сіз бос жұмыс орын­­дарының арасынан өзіңізге қо­­лай­­лысын таңдайсыз, – деді жәр­мең­кеге қатысқан Айдар Кенжебаев.

Жәрмеңке аясында «Отбасы банк» өкілдері ипотека ресімдеуге ниетті азаматтарға кеңес беріп, Астана қаласы әкімдігінің өкіл­дері NEET санатындағы жас­тарды жұмыспен қамтуға жәр­демдесу бойынша «Joltap» жобасын ұсынды. Ал елордадағы Еңбек ұтқырлығы орталығының қызмет­керлері түлектерге арнал­ған «Алғашқы жұмыс орны» және «Жастар практикасы» жобалары туралы хабардар етті. Сонымен қатар азаматтарға еліміздің өзге өңірлеріне көшіп бару мүмкіндігі туралы мәлімет ұсынылды.

«Amanat» партиясының ат­қару­шы хатшысы Дәулет Кәрі­бек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария­лаған Жұ­мыс­­шы маман­дықтары жылын­да осын­дай іс-шаралар ұйымдас­ты­ру­дың мәні мен маңызына тоқталды.

– Бүгінде жұмысшы маман­дықтар – тұрақтылық пен жоғары сұраныс қана емес, сонымен қатар лайықты жалақы, сый-құрмет және мансап жолында жоғарылау мүмкіндігі. Жастар экономиканың осы секторына бет бұрып, ел ертеңі еңбекпен байланысты екенін түсіне бастады. Біздің бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріміз жастарға өмірде өз орнын, ал жұмыс берушілерге лайықты маман табуына көмектеседі. Мәселен, партияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Жастарға жұмыс» жобасы өз тиімділігін дәлелдеді. Кейінгі екі жылда 150 мыңға жуық жас азамат қамтылған 1,5 мыңнан аса іс-шара өткізілді. 200-ге жуық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оған 5,2 мыңнан аса ұйым қатысты, 55 мыңнан аса жас азамат жұмысқа орналастырылды. Шалғайдағы елді мекендерді қамту мақсатында «Жастар рухының» мобильді топтары 150-ден аса ауылға барып, 55 мың адамға әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кеңес берді, – деді Д.Кәрібек.

Сондай-ақ жәрмеңкеде «Таза Қазақстан» арнайы орны жұмыс істеді. Онда қайта өңдеу мақсатында пластик жиналып, жасыл технологиялар туралы мәлімет берілді.

Астанамен бірге «Жастар рухының» бастамасымен еліміздің барлық облыс орталығында осындай жәрмеңкелер өтеді. Оларға кем дегенде 50 мың жас келеді деп жоспарланып отыр. Іс-шара «бір терезе» қағидаты негізінде ұйымдастырылады.