• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Еңбек Бүгін, 09:48

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

30 рет
көрсетілді

1 тамыздағы жағдай бойынша ел аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 130  шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік жұмыс күшін тарту бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішінде бірінші санат бойынша – басшылар мен олардың орынбасарларына 549 рұқсат, ал екінші санат – құрылымдық бөлімшелер басшыларына 2 258 рұқсат берілген. Негізгі бөлігі мамандар мен білікті жұмысшыларға тиесілі: үшінші санатта – 3 786 адам, төртінші санатта – 904 адам. Бұдан өзге, маусымдық жұмыстарға 2 889 шетелдік тартылса, корпоративтік ауысым аясында 3 744 адам еңбек етіп жатыр. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі кезде Қазақстанда 1 899 жұмыс беруші шетел мамандарын пайдаланып отыр. Бұл ұйымдарда 348 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді, яғни жалпы қызметкерлер құрамының 96%-ын құрайды.

«Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: құрылыс саласында – 4 949 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 930 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 369 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 210 адам», делінген хабарламада.

Шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі мына елдерден келген: Қытай – 5 120 адам, Өзбекстан – 2 478 адам, Түркия – 1 042 адам, Үндістан – 1 031 адам.