• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 09:46

Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады

30 рет
көрсетілді

Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің бірінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 335-орында тұрған Джульетта Парехамен кездесті. Бірінші сетте Елена 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте Рыбакина қарсыласынан басым түсіп, 6:0 есебімен айқын жеңді.

Матч жалпы бір сағат төрт минутқа созылды: бірінші сет — 37 минут, ал екіншісі — 27 минутқа созылған.

Екінші айналымда Елена Чехия өкілі Тереза Валентовамен кездеседі. Валентова алғашқы матчында италиялық Лючия Бронцеттиден 6:3, 3:6, 6:4 есебімен басым түсті.