• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Бүгін, 12:12

Ауылдардың жеке кірісі 3,5 есе көбейген

40 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары ауылдық округтердің өз табыстары 3,5 есеге өскен. Бұл динамика қосымша салықтар мен төлемдерді беру арқылы күшейтіледі.

«Бұдан бөлек, 2023 жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесі енгізілді. Пилоттық режимде алғаш рет 46 аудан және 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті», деді Б.Омарбеков.