Таэквондодан Гран-при турнирі Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқан отандасымыз Нодира Ахмедова үшінші орын үшін болған жекпе-жекте жеңіске жетті.
Ол вьетнамдық Тхи Ким Труонгтан 2:0 көрсеткішімен басым түсіп, қола медаль иеленді.