• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:35

Таразда 1 қыркүйекте болған төбелестен мектеп оқушысы қаза тапты

50 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, нәтижесінде олардың бірі пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Кәмелетке толмаған күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 14 жастағы бала қаза тапқан. Сонымен қатар жанжалдың мектептен тыс жерде болғаны атап өтілген.