• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:00

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

30 рет
көрсетілді

2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырды деп сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев түрмеден шықты. Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Комитет хабарлағандай, Ертаев сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан.

«Сот шешімінің негізінде оған амнистия актісі қолданылып, соған байланысты ол босатылды. Қосымша айта кетсек, сотталғандарға қатысты істерді қарау және шешім қабылдау соттың құзыретіне жатады», деді ҚАЖК-де.

Сонымен қатар, Ертаевты әрі қарай бақылау және қадағалау үшін пробация қызметіне тіркегенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қарашасында бұрынғы банкир Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Онымен бірге тағы 35 адам сотталған еді.

Кейінірек Ертаев тағы бір қылмыстық іс бойынша сотталды. Бұл жолы ол Bank RBK мен Qazaq Banki, сондай-ақ Еуразиялық банктен несие ақшасын жымқырғаны үшін сотталды. Осы іс бойынша сот Ертаевтың тағы төрт сыбайласына үкім шығарды. Сондай-ақ сотталғандардан банктерге ірі сомадағы ақшаны қайтару міндеттелді (Bank RBK-ке шамамен 98 миллиард теңге, Qazaq Banki-ге 46 миллиард теңгеден астам, Еуразиялық банкке 24 миллиард теңгеден көп).

2021 жылдың наурызында сот Жомарт Ертаевқа қатысты алғашқы қылмыстық іс бойынша жазаны жеңілдетті. 11 жылдың орнына 9 жыл тағайындалған еді.