• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 12:47

Қазақстанда сайлау ережелері қатаңдайды

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын талқылап, оны жұмысқа қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа түзетулерге сәйкес, бір кандидат енді бірнеше округтен сайлауға түсе алмайды, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихатқа қатарынан үміткер болуға да тыйым салынады. Әкімдікке үміткерлер үшін міндетті сайлау қоры құру талабы енгізіледі.

Сонымен қатар президентке, депутаттарға, әкімдерге және Орталық сайлау комиссиясы мүшелігіне кандидаттар ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотталмаған болуы тиіс. Үгіт-насихат жүргізу тәртібі нақтыланып, заңды бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылып отыр.

Заң жобасы сайлау рәсімдерін жетілдіруге бағытталған.

«Конституциялық заң жобасының мақсаты – сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіруге және сайлау заңнамасының нормаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуге бағытталған», деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежана Имашева.

Жоба алдағы уақытта парламентте талқыланады.