• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қыркүйек, 2025

Мұнай өндіру көлемі 2%-ға артты деген ақпарат рас па? Министрлік мәлімдемесі

290 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігі тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррель болғанын хабарлады. 

Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.

— Энергетика министрлігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда артты деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады, — делінген сәрсенбі күні жарияланған министрлік мәлімдемесінде.