• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:15

Елімізде нәресте өлімі едәуір азайды

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы алты айында нәресте өлімі 22,7 пайызға төмендеген. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет басшысы халық денсаулығына қатысты оң өзгерістерді атап өтті.

«Біз 2029 жылға қарай халықтың өмір сүру ұзақтығын кемінде 77 жасқа жеткізу мақсатына біртіндеп жақындап келеміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75 жыл 4 айға жетті. Мемлекет басшысының қолдауы мен тұрақты назарының арқасында денсаулық саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсартуға қол жеткізілді», деді Олжас Бектенов.

Оның мәліметінше, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 655 нысанның 540-ы салынып, 1 миллионға жуық ауыл тұрғыны алғашқы медициналық қызметпен қамтылды.

Әлеуметтік инфрақұрылым да назардан тыс қалған жоқ. Биыл халықты толық ауыз сумен қамту міндеті орындалмақ. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 147 млрд теңге, ал Арнаулы мемлекеттік қордан 160 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Жыл соңына дейін 17 қала мен 463 ауылда тиісті жобалар аяқталады.

Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 25 мың жобаға қолдау көрсетіліп, 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Ал 2026 жылға дейін өңірлерді дамытуға 5,4 трлн теңге бөлу жоспарланған.

Премьер-Министрдің айтуынша, өңірлердің әлеуетін көтеру тек тікелей қаржыландыру арқылы емес, даму институттарының қолдауымен де жүзеге асады.

«Мысалы, «Бәйтерек» холдингі жыл басынан бері кәсіпкерлерге 4 трлн теңгеден астам қаржылық қолдау көрсетті. Бұл 8 трлн теңге болатын жылдық жоспардың 50 пайызынан астамын құрайды. Оның шамамен 2 трлн теңгесі шағын және орта бизнесті дамытуға, 1,5 трлн теңгеден астамы қосалқы шағын кәсіпорындармен тығыз байланыс орнататын ірі бизнесті қолдауға бағытталды», деді Үкімет басшысы.