• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экспорт Бүгін, 11:30

Картоп экспорты қайта жанданды

30 рет
көрсетілді

Елімізде картоп экспортына қойылған шектеулер алынып тасталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, 2025 жылы шетелге 450 мың тоннаға дейін өнім жөнелту жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Биыл картоп егілетін алқаптар 11 мың гектарға кеңейтілді. Соның арқасында 2,7 миллион тоннаға дейін өнім алу күтілуде. Ішкі нарықтағы жылдық сұраныс шамамен 2 миллион тонна көлемінде.

Ведомство мәліметінше, алғашқы жеткізілімдер басталып кетті. 4 қыркүйекке дейін 8,7 мың тонна картоп Өзбекстанға экспортталған.

Ішкі нарықта баға да төмендеп отыр. Қазір картоптың орташа бөлшек бағасы 1 килограмм үшін 194 теңге деңгейінде. Министрліктің болжамынша, 2026 жылдың көктемінде картоп құны 185 теңгеден аспайды.