• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 12 Қыркүйек, 2025

Көз көруін операциясыз түзетеді

110 рет
көрсетілді

АҚШ ғалымдары көз көруін қалпына келтірудің тың технологиясын сынақтан өткізіп жатыр. Бұған дейін кең тараған LASIK сияқты лазерлік отада көздің қасаң қабығына тілік жасалса, жаңа әдісте ешқандай хирургиялық операция жасалмайды.

Зерттеушілер қасаң қабықтың піші­нін электр қуатының әсерімен өзгерту­ді ұсынып отыр. Бұл тәсілдің басты артық­шылығы – ол қауіпсіз, арзан. Алғашқы тәжірибелер қояндардың көзіне жасалып, бірнеше минут ішінде жануарлардың көру қабілеті қалпына келгені дәлелденген.