• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Digital Бүгін, 07:45

Керек дерек: Медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны

10 рет
көрсетілді

Қараша айына дейін медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтеді. Осы кезеңде азаматтар өз емханасын ауыстыруға мүмкіндік алады. Бұл рәсімді толықтай онлайн режімде «eGov.kz» порталы немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы медициналық ұйымға бармай-ақ орындауға болады.

Қызмет емханаға тіркеліп, учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік береді. Таңдалған дәрігерге сәйкес медицина­лық қызмет көрсету аумағы жүйе­де автоматты түрде көрсеті­ле­ді. Науқан қорытынды­ла­ры келесі күнтізбелік жыл­дың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Алдыңғы ұйымнан тір­кеуден шығару жаңа өтінім рас­талғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.

Науқаннан тыс уақытта да емхананы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ емхана қайта ұйымдасты­рыл­ған немесе жабылған жағ­дайда болуы мүм­кін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолданады.

Бұл қызметтің жоғары сұ­ранысқа ие екенін статистика да дәлелдейді. Өткен жылы тіркелу қызметін азаматтар 3,6 млн-нан астам рет пайдаланса, олардың 2 905 013-і «eGov.kz» порталында, 722 198-і «eGov Mobile» қосым­шасында рәсімделді. Биыл (шілде айына дейін) портал­ арқылы 1 135 628, ал мо­биль­ді қосымша арқылы 1 046 354 өтінім қабылданды.

Аталған қызмет арқылы кәмелетке толмаған балаларды және 18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарды олардың қамқоршылары онлайн түрде емханаға тіркей алады.

Жаңарту Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мем­лекеттік қызметтер көрсетілетін комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Ден­саулық сақтау министрлігі өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асырылды.

 

Бекзат Мыңайдар