• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шықты

90 рет
көрсетілді

Алатау қаласындағы Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

«Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД, ЖАО, ПД күштері мен құралдары жұмылдырылды», делінген хабарламада.