• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 17:30

Бектенов әкімдіктерге қауіпті жол учаскелерін дереу реттеуді жүктеді

10 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Жолдауында бұл тақырыпты халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін аса маңызды бағыт ретінде айқындағанын еске салды. Дегенмен қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде жол-көлік апаттарының саны мен адам шығыны азаймай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Көп нәрсе жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге, сондай-ақ жол инфрақұрылымының жағдайына байланысты. Айта кететін жәйт, жазатайым жағдайлардың басым бөлігінің алдын алуға болатын еді. Мысалы, адамдар негізінен жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының, жарық пен тротуарлардың жоқтығынан ажал құшады»,  деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр нақты мысалдарды келтірді. Алматыдағы Жетісу ауданында Жансүгіров пен Бұрындай көшелерінің қиылысы жиі апат орын алатындықтан, тұрғындар арасында «қауіпті өткел» аталып кеткен. Ал Астананың Үркер тұрғын алабында жаяу жүргіншілер өткелдері мен бағдаршамдар мүлде жоқ, сондықтан ата-аналар балаларын мектепке өздері жеткізуге мәжбүр.

Осыған байланысты Олжас Бектенов әкімдіктерге тұрғындар көтерген шағымдарға дер кезінде назар аударып, қауіпті учаскелерде тиісті инфрақұрылымды жедел қамтамасыз етуді тапсырды.