• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:32

Қызылордада 700 млн теңгеден астам жалақы қарызы өндірілді

20 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық прокуратурасы кәсіпкерлерден түскен шағым бойынша талдау жасап, соның нәтижесінде миллиондаған теңге жалақы қарыздары өндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудан бойынша барлығы 81 жеке балабақшаға тиесілі қаражат аударылмағандықтан 1 847 жұмысшы айлап жалақы алмай келіпті. Аудандық прокуратураның қадағалау актісімен осы жұмысшылар мен 81 кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, 720 млн теңгеге жуық қаржы өндірілді.

Бұған дейін де Арал ауданы прокуратурасы мониторинг жүргізу барысында Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының 623 қызметкеріне 109 420 181 теңге жалақы қарызы толық төленіп, олардың конституциялық құқықтары қорғалған еді.