• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:02

Алаңға шықпай гол соққан

20 рет
көрсетілді

2014 жылы «Коламбус Блю Джэкетс» пен «Даллас Старз» арасын­дағы хоккей матчы өтті. Алайда бірінші кезеңде қонақ ойыншысы Рич Певерлидің жүрек тал­масына байланысты ойын тоқта­тылды. Сол сәтте алаң иелері Натэн Хортонның голының арқа­сында 1:0 есебімен алда тұрған еді.

Бір айдан соң матч қайта ойналғанда, Хортон жарақатына байланысты ойынға қатыса алмады. Алайда кездесу дәл сол есеп­пен, яғни 1:0-ден басталып, Хортон­ның шайбасы хаттамаға 0:00 минутта соғыл­ған гол ретінде енгізілді. Осылайша Натэн Хортон алаңға шықпай-ақ гол авторы атанған хоккейші ретінде тарихта қалды.