• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 16:05

Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

30 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында тұтанған өрттің аумағы 15 гектарға жетті. Қызыл жалынды ауыздықтауға 300-ге жуық маман мен 140 техника тартылды. Өртке қарсы күреске төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері де жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі таңда ашық жалын толығымен өшірілгенімен, аумақтағы температура жоғары күйінде қалып отыр. Мамандар қауіптің қайта тұтануына жол бермеу үшін полигондағы ыстық ошақтарды инертті материалдармен көміп, топырақты нығыздау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл әдіс оттегінің келуін азайтып, өрттің қайта тұтану қаупін төмендетеді.

Төтенше жағдайдың жариялану мәселесі «Ашық НҚА» порталында өтіп жатқан дауыс беру қорытындысына сәйкес шешіледі. Әкімдік пен төтенше жағдайлар департаменті жағдай толық бақылауда екенін, алайда тұрғындар сақтық шараларын қаперде ұстауы қажеттігін ескертті.