• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Кеше

Федерация қызметіне оң баға берді

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт инфрақұрылымын жетіл­діру, халықаралық және респуб­ликалық жарыстар ұйымдас­тыру, отандық боксшыларды жаттық­тыру, балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ аймақ спортына жағдай жасау аясында қолға алынған іс-шаралар жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясы­ның Ливерпульде өткен Әлем чемпио­натындағы табысты қызметіне оң баға берді.

Президент мемлекеттің бокс­ты да­мытуға баса мән беретінін, бұл ба­ғыттағы жұмыс кешенді түрде жүр­гізілуге тиіс екенін жеткізді.

Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойын­дарына қазақстандық былғары қолғап шеберлерін жос­парлы әрі жан-жақты даяр­лаудың маңызы атап өтілді.