Өткен түні «Қайрат» футбол командасы чемпиондар лигасында дебют жасады. Сырт алаңдағы матчта отандық команда Португалияның «Спортинг» командасымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Ойын алаң иелерінің белсенді шабуылымен басталды. «Қайрат» футбол командасының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза бірнеше жойқын соққылармен қатар 21-минутта Мартен Юльманн тепкен пенальтиді де қайтарып көзге түсті. Десе де «Спортинг» алғашқы тайм аяқталар тұста есеп ашты.
Екінші таймда жалпы 4 гол соғылды. Оның 3-уі «Қайрат» қақпасынан табылса, жерлестеріміз 1 голмен жауап қатты. «Спортингке» соғылған голдың авторы - Эдмилсон, нәтижелі пасты Рикардиньо берді.
Осылайша, «Қайрат» чемпиондар лигасындағы дебютінде 4:1 есебімен «Спортингтен» жеңілді.
Айта кетейік, «Қайраттықтар» келесі матчын 30 қыркүйек күні өз алаңында «Реал Мадридке» қарсы өткізеді.