• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 18:49

Шығыста Достық үйінің жаңа ғимараты бой көтереді

20 рет
көрсетілді

Өскеменде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Достық үйлерінің І республикалық конгресі басталды, деп жазады Egemen.kz.

Екі күнге созылатын шараға еліміздің барлық өңіріндегі 100-ден астам Достық үйінің, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен жастар қатысып жатыр.

«Біздің ортақ міндетіміз – әр ұлттың дәстүрлерін сақтап қана қоймай, оларды жаңа мазмұнмен байытып, келер ұрпаққа аманаттау. Достық үйлері – бірлікті нығайтудың, қоғамдық келісім мен этносаралық диалогты дамытудың негізгі тірегі. Өскемен қаласында 33 жыл бұрын Қазақстандағы тұңғыш Достық үйі ашылған еді. Бүгінде мұндай орталықтар еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп келеді. Ендігі мақсатымыз – осы мол тәжірибені дамыту түсу» деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстандағы 8 Достық үйінің қоғамды біріктіру миссиясын жемісті жүзеге асырып отырғанын атап өтті.

Конгрессте этносаралық келісімді нығайту тетіктері талқыланып, Достық үйлерінің үздік тәжірибелері ортаға салынды.

Ертең де жалғасатын конгресс Риддер қаласында қорытындыланады. Онда «Ассамблея жастары» жастар мектебі ашық диалог, еркін пікір алмасу форматында өтіп, этносаралық келісімге қатысты алдағы жұмыстың бүге-шүгесі талқыға салынбақ.

Айтқандай, облыс әкімі Өскеменде жаңадан достық үйінің ғимараты бой көтеретінін айтты.

Шығыс Қазақстан облысы