Егер ауада дыбыс секундына 340 метр жылдамдықпен таралса, суда ол шамамен 1 500 метрге жетеді. Сол себепті киттердің дыбысы мыңдаған шақырымға дейін естіледі. Ғалымдар жер сілкінісін немесе жарылысты судың терең қабаттарынан мыңдаған шақырым қашықтықтан анықтайды. Мұхит түбінде дыбыстар өте алысқа тарайды. Бірақ су дыбысты бұрмалап та жеткізеді. Кеме даусы басқа жақтан естілгенімен, өзі мүлде басқа жерде болуы мүмкін. Бұған судың қабаттары мен толқындардың тығыздығы әсер етеді.
Дайындаған –
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті