• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:10

Астанада 29-30 қыркүйекте алғашқы LRT пойызы жолға шығады

30 рет
көрсетілді

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс алаңында келесі аптада LRT-ның бірінші пойызы іске қосылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«29-30 қыркүйекте Әбу-Даби станциясынан Мәңгілік Ел бағытындағы көпірге қарай станциялар аралығындағы пойызды іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта күн сайын жұмыс уақытын, станциялар мен пойыздар санын арттырамыз. Жалпы, тестілеу үш айдан алты айға дейін созылады», деді Жеңіс Қасымбек. 

Сонымен қатар әкім жалпы тестілеу үш айдан алты айға дейін созылатынын атап өтті. Сондай-ақ қазан айында қосымша сегіз пойыз келеді, ал 18 пойыздың барлығы желтоқсанға дейін дайын болады.

«Келесі жылдың басына дейін барлық пойыздарды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Желтоқсан айының соңына дейін немесе қаңтардың басынан ортасына дейін барлық пойыздар сынақ режимінде жүреді. Болжам бойынша жол жүру ақысы 200 теңге», деді Жеңіс Қасымбек.