• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 15:06

Америкалық нарықтың 24 пайызын Қазақстан қамтамасыз етеді - Тоқаев

20 рет
көрсетілді

Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бүгінгі жиынында атом саласын дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы көтерілген маңызды мәселелер мен ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетінін айтып, өз пікірін ортаға салған ғалымдарға ризашылығын білдірді.

«Елдің энергетикалық қауіпсіздігін және дербестігін қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Біз түрлі салаға озық технологияларды енгізіп жатырмыз. Ауқымды жобалар қолға алынуда. Оның бәрін табысты жүзеге асыру үшін электр энергиясы жеткілікті болуы қажет. Сондықтан біз қуат көздерін жан-жақты жаңғырту жұмыстарын бастадық. Ең бастысы, ядролық энергетиканы дамытуға бет бұрдық. Жалпыұлттық референдумда атом электр станциясын салу жөнінде шешім қабылдадық», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Президент өз сөзінде, шын мәнінде, атом энергиясының еліміз үшін өте маңызды, қажетті қуат көзі екенін атап өтті. Қазақстан ғана емес, күллі жаһан жұрты осы саланы дамытуға мықтап кірісіп жатыр. «Дүние жүзінде 416 атом реакторы жұмыс істеп тұр. Мысалы, АҚШ-та 94 ядролық реактор бар, бірақ өзінің уран өндірісі аз, сондықтан америкалық нарықтың 24 пайызын Қазақстан қамтамасыз етеді. Францияға қатысты жағдай да сондай іспетті, 50-ден астам ядролық реакторға Қазақстанда өндірілген уран қолданылады. Қазір 31 мемлекетте ядролық энергия өндіріледі. Бұл – әлемдегі әрбір алтыншы ел бейбіт атомның игілігін көріп отыр деген сөз. Тағы жиырмаға жуық мемлекет ядролық реактор салуды жоспарлап отыр. Біз осы салада озық технологиясы бар елдермен ынтымақтастыққа баса мән береміз», деді Президент.