• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қыркүйек, 2025

Олимпиада жүлдегерінен ұтылды

20 рет
көрсетілді

Қытайдың астанасы Бейжіңде «China Smash 2025» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыста еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко да өнер көрсетті.

Іріктеу сайыстарын өте се­німді өткізген ол бірқатар аса ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы, мальталық Әмір­реза Аббасиді, әлем чемпионаты­ның толық жүлде жиынтығы­ның иегері, Еуропа ойындары­ның күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы швециялық Маттиас Фалькті, әлем кубогінің қола жүл­дегері англиялық Томас Джар­висонды жолынан ығыстырды. 

1/32 финалда К.Герасименко Симон Гозимен кездесті. 30 жастағы Франция спорт­шы­сының Олимпия ойындарының қола, әлем чемпионатының кү­міс жүлдегері деген атағы бар. Одан бөлек, Еуропа ойындарында екі (1 күміс, 1 қола), құрлық біріншілігінде алты рет (1 күміс, 5 қола) жеңіс тұғырына көтерілген. Өкінішке қарай, азулы ойыншыға жерлесіміздің әлі жетпеді. Үш партиялық сайыс Гозидің пайдасына шешілді.

Бейжіңдегі бәсекеде әлемдік рейтингтің алдыңғы легінде тұрған Ван Чуцинь (Қытай, №1), Линь Шидун (Қытай, №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Томокази Харимото (Жапония, №4), Трулс Морегард (Швеция, №5), Лян Цзинкунь (Қытай, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Бенедикт Дуда (Германия, №8), Сян Пэн (Қытай, №9), Дарко Йоргич (Словения, №10) сынды әйгілі үстел теннисшілері күш сынасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар