• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 08:40

Зейнетақы мөлшері қанша?

10 рет
көрсетілді

Елімізде 2 млн 503 мың адам базалық, ынтымақты зейнетақы алады. Жыл басынан бері зейнеткерлерге республикалық бюд­жеттен 2 трлн 804,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төлен­ген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 907,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 897 млрд теңге қарастырылды.

Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігінің мәлі­метінше, 2025 жылғы 1 қыр­күйектегі есепте респуб­лика­лық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңгеге жетті. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 326 теңге, базалық зейнетақы – 47 568 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Ұлттық банк айқындай­тын инфляцияның болжамды дең­гейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға артты, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейі­нің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады. Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейі­нің 65%-ынан 70%-ға дейін ұл­ғайтылды. Бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгеге жетті.