Павлодарда орналасқан ЖЭС-2 кәсіпорнында тағы бір қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2025 жылғы 23 қыркүйекте «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭС-2 нысанында «Екібастұз» ЖК мердігер ұйымының жұмысшылары жұмыс барысында жазатайым оқиғаға тап болды. Нәтижесінде 1992 жылы туған 4-разрядты дәнекерлеуші қаза тапты. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді Павлодар облысы бойынша Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің өкілі Абылай Сабыров.
«Павлодарэнерго» АҚ-тың түпкілікті акционері – кәсіпкерлер Александр Клебанов пен Сергей Кан бақылауындағы Орталық Азия Электроэнергетикалық корпорациясы (ЦАЭК).