• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі Кеше

Рудныйда ірі көлемде «мефедрон» сақтаған жасөспірім ұсталды

20 рет
көрсетілді

Рудный прокуратурасының үйлестіруімен Теміртау қаласының 16 жастағы тұрғыны қолға түсті. Жеке тексеру кезінде оның қалтасынан «мефедрон» салынған түйіншектер табылды, деп хабарлайды Egemen.kz прокуратураның ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Оның үйін тінту кезінде сатуға дайындап қойған 200-ден астам орам анықталған көрінеді.

«Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың психотроптық екендігін растады. Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті қамауға алынды», - деп хабарлайды прокуратура.

Бұдан өзге, прокуратураның мәліметіне сүйенсек, тамыз айында Рудный қаласында тұрғындардың шағымы бойынша ғимарат қабырғаларына есірткі насихатын білдіретін граффити салған 14 және 16 жастағы екі жасөспірім ұсталған еді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.