• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жануарлар Бүгін, 07:55

Амур жолбарысы күшіктеді

10 рет
көрсетілді

Жойылуға сәл-ақ қалған Амур жолбарысының зоо­бақ жағдайында көбеюі генетикалық алуандықты сақтап, популяцияны қорғауда аса маңызды.

Хайуанаттар бағы қыз­­­мет­кер­лерінің ай­­туынша, 6 жасар Бентли мен 5 жас­тағы Айки есімді амур жолба­рысы жұ­бынан ту­ған күшіктер­­дің (шөнжік) екеуі де еркек. Бұл – соң­ғы жылдардағы ­ал­ғашқы шөнжіктер әрі ­«Қы­зыл кітапқа» енген ­сирек түрді сақтауға қосылған ерекше үлес.

Жолбарыстар табиғаты­нан жалғыз жүретін жырт­қыш болғандықтан, оларды жұптас­тыру оңай емес. Зообақ мамандары сау шөнжік алу үшін қыруар шаруа атқарылғанын айтады. Себебі көзін аш­қан күшіктер жетілгенше көп күтімді қажет етеді. Кіш­кентай жыртқыштар ал­ғаш­қы айларын арнайы тыныш аймақта өткізді. Бұл – шу мен сыртқы дыбыс­ты оқшаулайтын арнайы вольер. Мұндай жағдай ұрғашы жолбарыстың күйзе­лісін тө­мендетіп, күшік­тер­дің дұрыс дамуы үшін қажет.

«Амур жолбарыстары­ның аналықтары асқан се­зім­тал. Сондықтан күшік­те­­ген­нен кейін оларды ­оқшау­­­лау маңызды. Жолбарыс­­тар алғашқы айларда шөн­жігін қорғау үшін кез келген сыртқы дыбыс пен көз­­ге түсетін әсерлерге сезім­тал болады. Сондықтан біз оған акустикалық, визуалдық әсері төмен орта жасадық. Үш айға дейін жолбарыс күшіктері «сезімтал ке­зеңнен» өтті. Бұл уақытта артық дыбыс пен иіс ана­лықтың мазасыздануына, соның салдарынан төл­дің ­дамуына әсер етуі мүм­кін. Осы уақыт бойы жолбарыстар күнделікті ве­теринарлық бақылауда бол­ды. Қазір карантин аяқ­талды, күшіктердің жағдайы жақ­сы, нағыз жолбарысқа тән қылық­­тарын көрсете бас­тады», – дейді зообақ­тың бас ве­теринары Виталий Сачков.

Күні кеше олар жаңа вольерге көшірілді. Енді ха­йуанаттар бағының қо­нақ­­­та­ры зообақтың осы жаңа­­лы­ғымен еркін таныса алады.

 

АЛМАТЫ