Мұндай да болады екен-ау. Голливуд өмірде жоқ Тилла Норвуд есімді жасанды актрисамен келісімшартқа отырмақ.
Иә, Тилла шынайы адам емес, ол – толықтай жасанды интеллект «өнімі». Бұл жоба алғаш рет Цюрих саммитінде таныстырылып, кейін «Variety» басылымында жарияланды. Сарапшылардың айтуынша, бұл тәжірибе кино әлемінде бетбұрыс кезең болуы мүмкін. Алайда көптеген актер мұндай бастаманы қолдамай, виртуалды «әртіспен» келісімшартқа отыратын агенттіктерді қарсылық білдіруге шақырып жатыр.