• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 11:29

Қ.Тоқаев Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

10 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді және корей халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сан қырлы байланыс қарқынды түрде нығайып келе жатқанына назар аударып, қос халықтың игілігі жолында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін күш-жігер біріктіруге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Корея Республикасына құт-береке тіледі.