• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:49

Қазақстандық әйел алғаш рет ғарышқа ұшты

30 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпкер Данна Қарағұсова америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard суборбиталық кемесімен ұшып, ғарышты бағындырған тұңғыш қазақ әйелі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Данна Қарағұсова бұған дейін ивент және дистрибуция саласында 25 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Ол First Media Group медиа және ивент-холдингінің негізін қалаушылардың бірі.

New Shepard зымыраны 2025 жылғы 8 қазанда АҚШ-тың Техас штатындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. Экипаж құрамында АҚШ, Украина және өзге елдердің өкілдері болды.

Бұл-Blue Origin компаниясының 36-туристік миссиясы саналады.