Қазгидромет 10 қазанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде екпінді жел, үсік, тұман мен шаңды дауыл болады, деп жазады Egemen.kz.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында түнде 1-6 градус үсік жүреді. Талдықорғанда түнде 4-6 градус үсік болады.
Атырау облысының батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 10 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 10-11 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 10-11 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді.