• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 14:44

Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта кірісті

40 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі жариялап, жаттығу сәтінен видео үзінді бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Темірлан Анарбеков Қазақстан чемпионаты аясында «Ақтөбеге» қарсы ойында жарақат алып қалған болатын. Кездесудің 10-минутында айып добынан кейін ол қарсылас команданың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Футболшыны алаңнан зембілмен алып шыққан еді. 

Кейіннен футболшының төменгі жақ сүйегінің сынғаны мәлімденген. 

Ол осы аралықта ел чемпионаты мен Чемпиондор лигасының негізгі кезеңіндегі «Реал Мадридке» қарсы ойынға қатыса алмады.