Атырау облысында 13-17 қазан аралығында республикалық деңгейде «Заңсыз келуші–2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 39 шетел азаматы елден шығарылса, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша бір тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Polisia.kz хабарлауынша анықталған заң бұзушылық бойынша сандық деректер: ҚР-нан кету мерзімін өткізіп алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар – 110, елден он тәуліктен астам уақыт бойы кетуден жалтарғандар – 133, визада көрсетілген мақсаттарға сай келмейтін еңбек қызметін атқарған немесе еңбек етуге рұқсатсыз жұмыс істеген шетел азаматтары – 116, шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы – 106, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілері – 14.