• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 13:43

Президент бір топ құтқарушыны мемлекеттік наградалармен марапаттады

50 рет
көрсетілді

Президент қызметтік борышын атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі «Айбын» орденімен

Әзімбаев Шынболат Берікұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының жедел кезекшісі 

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Мергасимов Әзімхан Айдарханұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қызылжар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;

Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Көбетаев Руслан Рүстемұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі;

«Құрмет» орденімен

Елеуов Ерлан Мұратұлы – Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ Беген филиалы Дөңгелек орманшылығының тракторшысы

Жұмағалиев Арыстан Әуезұлы – «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Ақтөбе филиалының № 4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Көбенов Әділбек Жұмабайұлы – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ Берен» Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры

Қуаналиев Амангелді Құрмашұлы – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ Берен» Атырау облысы филиалының директоры

Мұхамбетжанов Сайлау Жұмағұлұлы – Ұлытау облысы «Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» ММ Түгіскен ауылының ерікті өртке қарсы құралымының өрт сөндірушісі;

«Ерлігі үшін» медалімен

Ахмедов Амиран Сулейманович – Алматы қаласы сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК құтқарушысы

Ахметжанов Серікбай Барлыбайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалының фельдшері

Бухал Андрей Анатольевич – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқышы-нұсқаушысы

Демежанов Жанат Қадылбекұлы – «ESK protection» ЖШС өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, Алматы қаласы

Жаңғақов Серік Қожахметұлы – Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК құтқарушысы

Жолжақсынов Нұржан Тұрсынбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы

Көбенов Тимур Қорғанбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шымкент қаласы бойынша филиалы «Қазығұрт» трассалық медициналық-құтқару пунктінің фельдшері

Максимов Игорь Владимирович – Төтенше жағдайлар министрлігі «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ бас құтқарушы-маманы

Молдажанов Марат Зайзуллинұлы – Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ Бесқарағай филиалы өрт сөндіру станциясының жұмысшысы

Павел Евгения Николаевна – «Волонтерское движение LIDER.KZ» ҚБ басшысы, Абай облысы

Сәрсенғали Қанат Ғабдоллаұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Сейітжанов Жәнібек Ермекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Есіл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі № 23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Скопин Артём Алексеевич – «Алматы қаласының альпинизм федерациясы» ҚБ басшысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Бекбаулова Ержан Мұқатайқызы – Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы

Бердашев Замир Амангельдинович – «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Орал филиалының директоры, Батыс Қазақстан облысы

Жаймағамбетов Сырым Бисенбайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

Мыскин Павел Анатольевич – «Алматы қаласының метрополитені» КМК әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің бастығы

Прошкина Ирина Ивановна – Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» РМК «Заря» филиалының құйып-алушысы

Силинский Геннадий Юрьевич – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды облысы филиалы директорының орынбасары

Смамбаев Сұлтан Балтаұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының Қостанай мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы

Сүлейменов Аманжол Әуелнұрұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ «Іле Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасы» филиалы Есік өндірістік-пайдалану бөлімінің басшысы

Тобағабылов Әбдірахман Бақытжанұлы – «Серіктес» авариялық-құтқару қызметі» ЖШС бас директоры, Қарағанды облысы.