• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:05

Сенат төрағасы ТүркПА Бас хатшысымен дидарласты

20 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Түркі мемлекеттері Парла­менттік Ассамблея­сы­ның Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездес­ті. Тарап­тар күн тәрті­біндегі өзекті мәселелерге назар аударып, ТүркПА аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі арттыру тетіктерін талқылады.

Кездесуде Әзербайжанның Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінің қорытындысы кеңінен сөз болды. Нақты айтқанда, экономиканың негізгі секторлары бойынша ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің интеграциясын нығайтуға, халықаралық мәселелерде өзара қолдауға, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мәдени-гуманитарлық іс-қимылды дамытуға арналған Габала декларациясының негізгі бағыттары талқыланды.

«Біздің кездесуіміз елдеріміз­дің өзара іс-қимылының жоғары деңгейін растап, түркі интегра­ция­сының жаңа бағдарын белгі­леп берген Габаладағы Түркі мемле­кеттері ұйымының саммиті­нен кейін өтіп отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сол жиында түркітілдес халық­тардың жақындығына ерекше тоқталған болатын. Мемлекет басшысы түбі бір түркі жұртының тарихы тамырлас екенін және бізді ортақ құндылықтар біріктіреті­нін тілге тиек етті. Мұның бәрі берекелі бауырластығымыз бен ынтымағымыздың жарқын көрінісі екені анық. Габала саммиті­нің нәти­желері Парл­амент­тік Ассам­б­лея аясында ынтымақ­тастықты одан әрі нығайтуға, келісілген заң­на­­малық тәсілдерді әзірлеуге және бірлескен жобаларды іске асы­­ру­ға оң септігін тигізеді деп сене­­мін», деп М.Әшімбаев Қазақ­стан ТүркПА-ның қазіргі төраға­сы ре­тін­де Ұйымның түркі мемлекет­тері мен халықтарының игілігін көз­дей­тін бас­тамаларына жан-жақты қол­дау көрсетуге дайын екенін айтты.

Сонымен қатар тараптар қазіргі таңда ТүркПА түркі интеграциясында парламентаралық диалогті нығайтатын және ел­дер­дің заңнамалық бастамаларын үйлестіретін маңызды алаң ретінде ерекше орын алатынына назар аударды. Сенат төрағасы өз сөзінде бұл бағыттағы ынтымақтастықтың перспективаларына да тоқталып өтті.

«Қазақстан Парламенті ТүркПА аясында белсенді ынты­мақ­тастықты арттыруға және жаңа бастамаларды жүзеге асы­руға мүдделі. Қазіргі таңда түркі елдерінің парламенттік дип­ломатиясы белсенді дамып келеді. Сондықтан ортақ үйлестіруші орган – ТүркПА хатшылығының қызметін одан әрі жетілдірудің маңызы зор», деді М.Әшімбаев.

Өз кезегінде Рамиль Гасанов биыл маусым айында Астанада ТүркПА-ның пленарлық сессиясы сәтті өткізілгенін айтты. Аталған сессияда бірқатар модель­дік заң қабылданып, ТүркПА-ның 14-пленарлық сессиясы­ның Астана декларациясы ма­құлданған еді. Сондай-ақ Түркі мем­лекеттері Парламенттік Ассамб­леясының Бас хатшысы ты­ғыз ынтымақтастық және парла­мент­аралық байланыстарды ны­ғайту жолындағы белсенді жұмыс үшін ризашылығын білдірді.

Сұхбат кезінде қазақ-әзербай­жан арасындағы екіжақты іс-қимыл­ды әрі қарай дамыту мәселе­лері де сөз болды. Бұған қоса Әзер­байжан мен Армения арасындағы бейбіт қатынастар туралы декларацияның маңызына мән берілді.