• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Жазықсыз бөбектердің жолдары ашылсын

20 рет
көрсетілді

Республика күні мерекесінің қарсаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен қазақ дәстүрлерін көрсету шарасы болды. Бұл күні қаладағы Балалар үйіндегі бөбектердің тұсауы кесілді деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ата-ананың қамқорлығынан ерте айрылып қалған жазықсыз сәбилердің көңілдерін көтеріп, жарқын болашаққа жолдау үшін осы дәстүрді көрсетіп отырмыз. Тұсау кесушілердің қатарына облыстың құрметті ақсақалдары мен қадірменді адамдарын тартып отырмыз. Олардың жарқын өмірі бөбектерге жұғысты болсын», деді әкім өзінің сөзінде.

Тұсаукесер рәсімінен кейін бөбектерге ойыншықтар мен тәттілер үйіліп берілді. Бұл күнді есім біліп қалған сәбилер ешқашан ұмытпас деген сенім бар.

ПЕТРОПАВЛ