• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:35

Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

20 рет
көрсетілді

Самара — Шымкент бағытындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатынан ауыр жарақат алған 16 жастағы жасөспірім әлі комада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен алты адам облыс орталығындағы медициналық мекемелерге жеткізілген. Кәмелетке толмаған науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланған. Ол көп жарақат алған және қазіргі таңда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

«Жасөспірімнің жағдайын еліміздің бас балалар нейрохирургінің міндетін атқарушы мамандар бақылап отыр.  Қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан төрт науқастың үшеуі есін жиған, жағдайлары біртіндеп жақсарып келеді. Бір пациент әлі комада. Тағы бір зардап шеккен азамат облыстық медициналық орталықта ем қабылдап жатыр», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қайғылы жағдай 23 қазанда Самара — Шымкент жолында болған еді. Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдаған «ГАЗельдің» соқтығысуы салдарынан апат орнында 12 адам, оның ішінде екі жүргізуші де қаза тапты. 

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР Ішкі істер министрлігінен арнайы тергеу тобы жіберілді. Сонымен қатар, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен апат себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Актөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқандардың отбасыларына 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі.