• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Атырауда сот орындаушысы күдікке ілінді

90 рет
көрсетілді

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мемлекеттік сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп таныды. Осылайша, «Т» және «А» ЖШС-нің мүддесі қорғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған соттың мәліметіне сүйенсек, шағым түсіруге мемлекеттік сот орындаушысының бұрын сот үкімімен сотталған Н.-ға (борышкер) қатысты іс аясында екі серіктестіктен кіріс өндіріп алуға әрекеттенген қаулылар себеп болған.

«Іс бойынша сот орындаушысы серіктестіктердің өздері атқарушылық іс жүргізудің тараптары болып табылмаса және олардың қатысушыларына дивидендтер төлемегенімен, борышкер Н.-ның жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлесіне пропорционалды түрде «табыстың» 50 пайызын өндіру туралы қаулылар қабылдаған. Сот мұндай әрекеттер компаниялардың құқықтарын бұзып, сот орындаушысының өкілеттігі шегінен шыққанын анықтады. Заңға сәйкес, ЖШС-ның пайдасын бөлу тек акционерлердің жалпы жиналысында және нақты кірісті алған кезде шешіледі. Сондықтан, сот екі қаулыны негізсіз шығарылған деп тауып, күшін жойды. Мемлекеттік сот орындаушысына заң бұзушылықтарды түзетуге бір ай уақыт берілді», деп хабарлады аталған соттан.

Апелляциялық сот алқасының ұйғарымымен сот шешімі заңды күшіне енді. Шешім орындалды.