• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Кеше

Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас конференциясының сессиясы аясында бірқатар кездесу өткізді

40 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёевамен болған кездесуде екі ел арасындағы, соның ішінде ЮНЕСКО аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл әлеуеті талқыланды.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Қазақстанды одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңа бастамалары туралы айтты.

Тараптар өңірлік бастамаларды ілгерілету, оның ішінде ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра және Бүкіләлемдік мұралар тізімі аясындағы трансұлттық номинацияларды ұтымды үйлестіру жұмыстарын жалғастыру туралы келісімге келді.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның жуырда өкілеттігі аяқталатын Бас директоры Одрэ Азулемен болған кездесуде кейінгі жылдары Қазақстанның бірқатар ұсынысы (Тұран шөлдері, Беташар, Хандар шежіресі және т.б.) ЮНЕСКО-ның беделді тізімдеріне, сондай-ақ 2024-2025 жылдары Б.Соқпақбаев пен Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілгенін атап өтті. ЮНЕСКО-ның қолдауымен Алматы қаласындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы алдағы сегіз жылдық кезеңде өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Одрэ Азуле Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық бастамалары мен Қазақстанда іске асырып жатқан реформалары маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға әрі білім, ғылым және мәдениет салаларында Қазақстанмен әріптестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Одрэ Азулеге ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.