Шетелде еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың саны 156 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы жылдары шетелге барып жұмыс істейтін қазақстандықтардың көрсеткіші біртіндеп төмендеп келеді. 2023 жылдан бері бұл бағыттағы миграция азайғаны байқалады. Ал биылғы жылдың тоғыз айында 156 мыңнан астам отандасымыз шет мемлекеттерде нәпақасын тауып жүр.
Қазіргі таңда олардың ең көбі Ресейде – шамамен 128 мың адам. Оңтүстік Кореяда 15 мыңға жуық, Польшада 2,6 мың, ал Ұлыбританияда 1,4 мыңдай қазақстандық еңбек етеді.
Қазақстан азаматтарының еңбек құқығын қорғау үшін үкімет бірқатар елдермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған.