Фото: weknowyourdreams.com
Спикердің айтуынша, 2018 жылы жалпы аумағы 415 мың гектардан асатын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылып, тоғайлы ормандарды қалпына келтіру және аумақты қорғау мен бақылау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілді. 3,5 гектар аумақта жолбарыстарға және қабандарға арналған вольерлер, ветеринариялық пункт салынды.
«2024 жылдың күзіңде Нидерландтағы Hoenderdaell хайуанаттар бағынан «Іле-Балқаш» резерватына екі жолбарыс жеткізілді. Қазіргі уақытта олар тәулік бойы мамандардың бақылауына алынған. Келешекте жолбарыстан төл алғаннан кейін олар спутниктік бақылаумен табиғи ортаға жіберіледі деп жоспарланған. Ал ата-аналық жұп ғылыми және ағартушылық мақсаттарда визит-орталық жанындағы вольерде қалады. 2026 жылы Ресейден 3-4 жолбарысты әкелу жоспарланған», деді Д.Тұрғамбаев.